«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек
алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік қызметі туралы

            Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынасәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, Балқаш қаласының аумағында тұрақты тұратын оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі.

            Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) көрсетілетін қызметті беруші («Балқаш қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);

3) ауылдық округ әкімі;

4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)өтініш;
2)көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат. 
            Анықтама және түсініктеме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуыңызға болады.

Мекенжай: Уалиханов көшесі, 5, І-қабат,  №7 кабинет, телефон/факс: 8(71036)44061, электронды пошта:  blh_ozs@mail.гu.

Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа,   сағат 13.00 бастап 14.30 дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00 бастап 18.30 дейiн.