2017 жылы 30 қарашада қалалық жергілікті тарихи өлкетану музейінде 30 мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегізден асқан психоневрологиялық ауру бар мүгедектерге арналған « Н.Ә. Назарбаев. Президент жолы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында М.Хамзин атындағы Мысшылар сарайында мумкіндігі шектеулі 70 бала « Үй жануарларының өмірдегі құпиялары» мультфильмі көрсетілімінде клоуынның мен қуыршақтардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасына, сайыстарға , танымдық ойындарға қатысты. Мереке соңында « Әжеміз қонақта» атты ертегінің қойылымы көрсетілді.