Жаңа жыл мерекесіне 224 мүмкіндігі шектеулі балаларға жергілікті бюджеттен сыйлық ретінде жеке есеп шоттарына 3000 теңгеден жалпы сомасы 672,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

25.12.2017ж. Балқаш қаласының "Үлкен Жүрек" қоғамдық бірлестігінде 65 – мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылса, 28 желтоқсанда оқушылар сарайында қала әкімінің қатысуымен 6 жастан 14 жас аралығындағы 146 мүмкіндігі шектеулі балалар жаңа жылдық қойылымға шақырылды.

28.12.2017 ж. үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге ұйымдастырылған жаңа жылдық іс-шара өткізілді. Іс-шараға 1,5-6 жасқа дейінгі және 14 жастан жоғары – 87 мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.

Барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етіліп, оның ішінде 14 тірек қимыл белсенділігі төмен мүмкіндігі шектеулі балалардың жана жылдық сыйлықтары тұратын мекенжайларына апарылып берілді.