«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жүйесіндегі мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау.

Бөлім арқылы халыққа мемлекетік қызметтің 18 түрі көрсетіледі. 2017 жылы мемлекеттік қызметтің 5872 түрі көрсетілді. Оның ішінде 476-сы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген.

Халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қамтитын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында шешіледі.

2017 жылы еңбек делдалдығы үшін өтініш білдірген азаматтардың саны 2197 адамды құрайды, оның ішінде:

- тұрақты жұмыс орындарына орналасқандар –1778 адам немесе жоспардың 136,7%-ы (1300 адам);

- қоғамдық жұмыстарға қатысты 610 адам немесе жоспардың 100%-ы (610 адам);

- әлеуметтік жұмыс орындарына 67 адам жіберілді;                                        

- жастар практикасына 76 адам қатысты;

- кадрларды қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстарына                   333 адам жоспарымен 338 адам (жоспардың 102%-ы)                           электргазбендәнекерлеуші, электромонтер, аспазшы, шаштаразшы мамандықтары және компьютерлік сауаттылық, есеп және аудит,            «B», «C», «D» категориялары бойынша жүргізушілік курстары бойынша  оқудан өтті. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге тегін кәсіптік білім негізінде техникалық және кәсіптік білім беру арқылы 9-шы сыныптың                 36 түлегі үшін электргазбендәнекерлеуші, шаштаразшы мамандықтары бойынша оқу ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік Палатасымен ұйымдастырылған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 9 жұмыссыз азамат және 6 бастауыш кәсіпкер өтті.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бір қатысушысы жүк тасымалдауды ұйымдастыру үшін 11,0 млн.теңге кредит алды және қосымша 1 жұмыс орнын құрды.

Азаматтардың материалдық жағдайы белгіленген шектен төмендеген жағдайда (ең төменгі күнкөріс деңгейі, кедейшілік шегі), өмірлік қиын жағдай туындағанда, бөліммен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және халықтың тиісті өмір сүру деңгейін әр түрлі жәрдемақылар мен көмектер тағайындау арқылы әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қаңтарына дерек қорда 11 адам санымен аз қамтылған 2 отбасы тіркелген, бұл қала бойынша кедейліктің нольдік пайызын көрсетеді.

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) орташа мөлшері 898 теңгені   құрайтын, жалпы сомасы 323,3 мың теңге, 30 адам санымен аз қамтылған 5 отбасыға көрсетілді. Осыған орай, 2017 жылға «Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамында еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі» нысаналы индикаторы 20,0% құрады, 2016 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 3,1% төмендеген (2016ж.-23,1%; жоспар 2017ж.-23,3%).

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - МБЖ) 149 бала санымен 65 отбасыға 2276,4 мың теңгеге тағайындалды, 2016 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 10 балаға азайғаны байқалады.

Тұрғын үй көмегі 542 адам санымен 378 отбасыға жалпы сомасы 8750,0 мың теңгеге көрсетілді.Тұрғын үй көмегін төлеу сомасының 2016 жылға қарағанда 2017 жылы азаюы, үйлерге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын орнатылуымен түсіндіріледі.

35 мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарға 829,1 мың теңге өтелді.

         Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 102 адам мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 22690 теңге құрайтын, жалпы сомасы 2314,4 мың теңге әлеуметтік көмек алды. Олар амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруымен, операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруымен, адамның  иммунитет   тапшылығы   вирусын   тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруымен ауыратын азаматтар.

         2017 жылы аз қамтылған отбасыларға, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты арқылы шартты ақшалай көмек көрсету бойынша "Өрлеу" пилоттық жобасын жүзеге асыру жалғастырылды.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға 28 адам санымен 8 отбасы "Өрлеу" жобасының қатысушылары болды. Олардың ішінде, алушылар:

  • атаулы әлеуметтік көмек 11 адам санымен 2 отбасы;
  • 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 5 адам санымен 1 отбасы;
  • әлеуметтік көмекке алғаш рет өтініш білдірушілер12 адам санымен   5 отбасы.

Шартты ақшалай көмектің тағайындалған жалпы сомасы 905,6 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік келісімшарт жасалған сәттен бастап, жобаның 10 қатысушысына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 8 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылды,2 адамға әлеуметтік жұмыс орнына жолдама берілді.                  

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру аясында, 2015 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Заңда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау қарастырылған.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз көмек болып бөлінеді және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға (2017 жылы – 40%), еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу және осы мақсатта әлеуметтік келісімшарт жасағанда ұсынылады.

Шартсыз ақшалай көмек, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбек жасындағы тұлғаға немесе еңбекке қабілетті мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға ұсынылады.

Шартты ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті тұлғаға, сонымен қатар құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады.

2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар контингентін анықтау үшін, отбасының материалды-тұрмыстық жағдайын, отбасының жұмыспен қамту шаралары және әлеуметтік бейімдеуге мұқтаждықтарын анықтау және халықты АӘК жаңа форматын енгізу туралы ақпараттандыру мақсатында, қазіргі кездегі 485 алушы отбасылардың            АӘК (5отбасы 30адам.), МБЖ (63отбасы 145 бала), АМЖ (417отбасы 2172 адам.) үйлерін аралау жүргізілді.

Үйлерді аралау нәтижесі және атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың санынан әр отбасының жағдайын сараптау бойынша, 2018 жылы жаңа форматтағы АӘК-ке күтілетін өтініш білдірушілер саны шамамен 125 отбасынан 560 адамды немесе алушылардың жалпы санынан 23,1% құрайды. Оның ішінде, шартсыз ақшалай көмекке 102 адам 21 отбасынан және шартты ақшалай көмекке 458 адам 104 отбасынан үміткер. 24 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз ету жоспарланды.

Әлеуметтік саясаттың басты бір бағытының бірі - мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту болып табылады.

МЗТО-ның есебі бойынша Балқаш қаласында 3672 мүгедек бар. 2016 жылмен салыстырғанда ( 3587 адам, олардың ішінде:1,2 топ мүгедектері – 1978 адам, 3 топ – 1371адам, мүгедек-балалар - 238 адам) мүгедектер саны 2,3 % -ға   өсті.

2017 жылы жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес   мүмкіндігі шектеулі азаматтар протездік-ортопедтік құралдармен- 138 адам, сурдотехникалық құралдармен- 55 адам, тифлотехникалық құралдармен - 68 адам , кресло-арбамен 43 адам қамтамасыз етілді, санаторлық емге 96 жолдама берілді, ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің қызметі 86- мүгедекке ұсынылды. Міндетті гигиеналық құралдар тізбесінің 3- түрден 13-ке дейін көбеюіне байланысты,305 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

1,2 топтағы 37 жалғыз тұратын мүгедекке 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына күтімге қосымша 953,0 мың.теңгеге үстемақы төленді.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында 2012-2017жж.аралығында жұмыс тобымен нысандарға түгендеу жүргізу бойынша 66 әлеуметтік инфрақұрылымдарына,оның ішінде 2017 жылы 27 нысанға түгендеу жүргізілді.

46 бейімдеуге жататын нысанның 27-сі бейімделді, оның ішінде 2017 жылы 8-нысан. 2017 жылы, Балқаш қаласының дамыту Бағдарламасына сәйкес, кедергісіз орта құру индикаторы 100 %-ға орындалды.

2018 жылы 6 әлеуметтік нысанға түгендеу жүргізіледі.

Жұмысшылар санының 2 -4 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін белгіленген жұмыс орындар квотасы бойынша 2017 жылы 92 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Қалада 4 Ұлы Отан соғысының қатысушысы,1-ҰОС-ы мүгедегі   және оларға теңестірілген тұлғалар – 865 тыл ардагері тұрады.

Ұлы Отан соғысы қатысушыларын мерекелік күндер мен туған күндерінде құттықтау және олардың туындаған мәселелерін шешу мақсатында,олар қала кәсіпорындары мен мекемелерге бекітілген.

  Балқаш қаласында Атқарушы билік органы, кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында әлеуметтік диалогты жетілдіру мақсатында қалалық үшжақты комиссия құрылды. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) жұмыс органы «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып табылады. Комиссияның отырысында 2016-2017 жылдардағы қаланың кәіспорындарындағы өндірістік жазатайым жағдайлары, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда еңбек туралы заңнаманы сақтау және алдын-алу шаралары, қала әкімі, кәсіподақтар бірлестігі (жұмыскелер) кәсіпкерлер қауымдастығы мен жұмыс берушілер арасында 2015-2017 жылдарға бекітілген Келісімнің шарттарын орындау барысы, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсына қатысу сұрақтары қарастырылды. «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсына қатысуға тарту бойынша қаланың кәсіпкерлерімен жұмыстар жүргізілді. Біздің қаламыздан   «Парыз-2017» конкурсына   «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша«Арыстан Vip Строй» ЖШС,                   «Мырзабеков Ж.М.» ЖК , «Қазақмыс-Смэлтинг» ЖШС қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломмен марапатталды.

Қоғамда еңбек адамының беделін арттыру, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмысшы кәсіптерді насихаттау, өндіріс саласына жастарды тарту, еңбек әулетінің көпжылдық дәстүрін нығайту мақсатында қаламызда Еңбек күніне орай, екінші мәрте «Еңбек Жолы» конкурсы өткізілді. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталған «Еңбек Жолы» конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2018 жылы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастырады:

1) халықты нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлауға білім беру жүйесін бағыттау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік барша шараларды қолдану (қоғамдық жұмыстарға жолдау, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсыну, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жолдау); аз қамтамасыз етілген азаматтарды, мүгедектерді және қарттарды әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз ету жолымен халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау;

2) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру, азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыс жасап тұрған орындарды сақтап қалған, азаматтардың жекелеген санаттары үшін жаңа жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерді ынталандыру;

       3) нысандарды бейімдеу бойынша шараларды жүргізу жолымен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«Балқаш қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы                               Ж.Томпиева