Мүмкіндігі шектеулі балалар мен он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қамқорлығындағылар қысты шығарып салу - «Масленица» мерекесін ұйымшылдықпен қызықты атап өтті.

Әлеуметтік жұмыскерлер және Балқаш көпсалалы колледж студенттерінің қатысуымен қуыршақ қойылымдары: «Қасқыр мен жеті лақ жаңа нұсқада», «Үйшік» және «Біз бәрін жасай аламыз» спектакльдері көрсетілді.      

Спектакль соңында балаларға ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттері түсіндіріліп, талқыланды.      

Кездесу сонымен біткен жоқ, колледж студенттері мерекеге қатысушылармен қызықты ойындар ойнап, бөлімше қамқорлығындағылар үшін қызықты мереке және болашақ әлеуметтік жұмыскерлер үшін үлкен тәжірибе болды.

Мереке соңында қатысушыларға дәмді құймақ және тәттілер тарту етілді.