«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» атты конкурс туралы 

Балқаш қаласында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларға» байқауына іріктеу жүргізілуде.    

Конкурстың негізгі мақсаты- қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру.  

 Іс-шараларды өткізу тәртібі

1. Әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап маусым айына дейінгі  кезеңде Комиссия жүргізеді.

2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталғанқоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі – Қатысушылар).

3. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

1) жобаны жүзеге асыру мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс;

2) жобаның конкурс мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

3) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

4) жобаның қолжеткізген нәтижелері;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

4. Конкурсқа қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылғанқұжаттарды,презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

5. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

6. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін «Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не облыстық көрмеге жолданады.

7. Анықтама және өтінімді ұсыну үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не  хабарласуларыңыз сұралады. Мекенжайымыз: Уәлиханов к-сі, 5 №6 кабинет, тел.42325.

Электрондық поштаның мекенжайы:  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript .

Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9-00 ден 18-30, түскі үзіліс сағат 13-00 ден 14-30 дейін, демалыс күндерінен (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа. 

 

1-қосымша

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат(телефон, факс, e-mailжәне т.б.)