«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 07 наурыз 2018 жылы мүмкіншілігі шектеулі балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектердің «Анаға сүйіспеншілікпен!» атты суреттер, әшекейлі открыткалар және қолдан жасалған бұйымдардан көрме өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіншілігі шектеулі жандардың қабілеттерін, шығармашылығын ашу, шыңдау және өзара тең жағдайда қарым-қатынас жасауларына жағдай жасау болып табылады.

Көрмеге қатысушылар өздерінің тапсырмаларын әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен зор ықыласпен орындап шықты.