2018 жылдың 19 наурыз күні  «Наурыз мейрамы» қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған "Наурыз ырысы"  қайырымдылық  іс-шарасы өтті.

Наурызды мерекелеу Қыдыр Ата мен Ұмай ананы, Алдар-Көсе, мейірімді Падишах пен сұлу Шехерезаданың қарсы алуымен басталды.  Балалар бір-бірін Жаңа жылмен құттықтап, жақсы тілектер, әндер айтып, бәрі бірігіп «Қара жорға» биін биледі. Түрлі ұлттық ойындарды ойнап, қызық қуанышқа кенелді. Сонымен қатар тақпақтар мен жұмбақ, жаңылтпаштар айтудан жарыстар өткізілді.

Мереке соңында  дәстүр бойынша Кыдыр ата батасын беріп, Наурыз көжеден дәм татуға шақырды және тәтті сыйлықтар таратылды.

Осындай қуанышты балаларға сыйлаған ЖК Г.Абильдина («Кәусар» дүкені), ЖК Т.Лыскина («Бөбек» дүкені).

Ағымдағы жылдың 21 наурызда Уалиханова көшесі бойында 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін түйемен серуендету ұйымдастырылады.

Наурыз мерекесі тойлау аясында ағымдағы жылдың 22 наурызында «Шебер қолдар» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың бейнелеу және сәндік өнер көрмесі ұйымдастырылады.