Елбасымыз - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 7 маусымында «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес  АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Балқаш қаласындағы бөлімімен бірлесе отырып,  электрондық-цифрлық қолтаңба, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу және үшінші тұлғамен анықтама алу сервисін қолдану мәселелері бойынша оқыту-семинарын өткізді.

Семинарда мүмкіндігі шектеулі адамдар мен «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ, Облыстық қазақ соқырлар қоғамы жанындағы Балқаш қалалық алғашқы ұйымның, «Үлкен Жүрек» ҚБ-нің өкілдері қатысты.