Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес облыстық бюджет есебінен 2018 жылдың маусым айында мұқтаж мүмкіндігі шектеулі 54 адамға сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар берілді.

Заманауи тифлотехникалық құралдар зағип және көздері нашар көретін азаматтарға ақпарат алуға мүмкіндік береді, кеңістікте бағдарлануға, сондай – ақ, жалпақ басылымды әдебиетті оқуға көмектеседі. Сурдотехникалық құралдар нашар еститін  азаматтарға есту кемістігін алмастыруға мүмкіндік беріп, адамның қоршаған ортаға белсенді түрде икемделуіне жағдай жасайды.

 «Балқаш қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ