Балқаш қаласы әкімдігінің

2016 жылғы  «03» наурыз07/01

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

Балқаш қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 16 қантардағы № 02/02

«Жұмыссыз азаматтарға өз

істерін ашуға және өздерін

жұмыспен қамту үшін

материалдық көмек көрсету

бойынша комиссия құру туралы»

қаулысына өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, Балқаш қаласының          әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қантардағы № 02/02 «Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету бойынша комиссия құру туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету бойынша комиссия (бұдан әрі- Комиссия) құрамынан шығарылсын:

         Акимжанова Торгын Алдабергеновна - «Балқаш қаласы бойынша салық       

басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- ММ), «Салықтық есептілікті   

өңдеу және қабылдау орталығы» бөлімінің басшысы, Комиссия мүшесі.

         2) Комиссия құрамына енгізілсін:

        Рахимжанов Нуржан Копбаевич- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Салықтық есептілікті  өңдеу және қабылдау орталығы» бөлімінің басшысы, Комиссия мүшесі ретінде (келісім бойынша);

       Махмутов Ернар Амангельдиевич- «Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасы» Балқаш қаласы филиалының директоры, Комиссия мүшесі ретінде(келісім бойынша).

           2. Комиссия мүшесі Рахпанова Жанмира Кемельбековнаның лауазымы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  бөлімі» ММбасшысының орынбасары.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Жаксылыкова Саягуль Жаксылыковнаға жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                        А.Аглиулин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келiсiлген:

Әкiм орынбасары:                       Жаксылыкова С.Ж.

Мемлекеттік құқықтық

жұмыс бөлімінің басшысы:        Камелбекова М.А.

ҚҚБ  басшысы:              

басшысының м.а.:                        Мейрханова М.М.                          

Орындаушы:                                Томпиева Ж.К.