Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N754 Қаулысы

     

Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi(орнын толтырушы)

құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi

     

      1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
      1) қол протездерi(иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
      2) жілiншiк протездерi;
      3) жамбас протездерi;
      4) кеуде бездерінiң протездерi;
      5) аппараттар, туторлар, ортездер;
      6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
      7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
      8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
      9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
      10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.
      2. Сурдотехникалық құралдар:
      1) есту аппараттары;
     2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) бейнекомпьютерлер;
      3) көп функционалды дабылды жүйелер;
     4) тармақша алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4) телефакстер;
      5) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметiбар ұялы телефондар;
     6) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар;
     7) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары.
      3. Тифлотехникалық құралдар:
     3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1) таяқтар;
      2) тармақша алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
       2) тифломагнитолалар;
       3) оқу машиналары;
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
       4) компьютерлiк тифлокешендер;
       5) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
       6) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
       7) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
      8) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1036 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
       8) диктофондар;
       9) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
       10) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.
       4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
       1) бөлмелiк кресло-арбалар;
       2) серуен кресло-арбалары.
       5. Міндетті гигиеналық құралдар:
       1) несеп қабылдағыштар;
       2) нәжіс қабылдағыштар;
       3) жөргектер.