Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы

 

     «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасына, 20-бабының 3-тармағына және  22-бабының1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

     1. Мыналар:

     1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары;

     2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудiұсыну қағидалары;
     3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мүгедектердiпротездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi(орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары;
     4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мүгедектердiарнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
     2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

     3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
     4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

  Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 22 қаңтардағы
 № 26 бұйрығына

                     1-қосымша

 

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары

 

1.     Жалпы ережелер

 

     1. Осы Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.
     2. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге ұсынылады.

     3. Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері бір мүгедекке жылына отыз сағаттан асырылмай естуі бойынша мүгедектерге ұсынылады.

 

2.     Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну тәртібі

 

     4. Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.
     5. Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және естуі бойынша мүгедектер мынадай құжаттарды:

     1) ОЖБ-дан үзінді көшірмені;
     2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
     3) жеке сәйкестендіру нөмірін – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;
     4) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса бере отырып, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтінішпен жүгінеді.

     Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
     6. Өзі барып өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде өтінішпен жүгінуді басқа адамдарға (бұдан әрі – өтініш беруші) тапсырады.

     7. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:
     бактерия тарататын туберкулез (БК+);
     жұқпалы тері және шаш аурулары;
     жыныс аурулары;
     адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АИТВ) туындаған ауру;
     неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты,

ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

     8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
     Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері хабарлама бергеннен кейін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күні жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы тізімдерді жасайды және көрсетілген қызметтерге қажеттілікті қалыптастырады.

     9. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін сатып алуды жүргізеді.
     10. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен жеке көмекшiнiң немесе ымдау тiлiмаманының арасындағы қатынастар әлеуметтiк қызметтердiкөрсетуге арналған шартпен (бұдан әрi– шарт) ресiмделедi.
     Шартта жеке көмекшіге және ымдау тілі маманына қойылатын талаптар мен олар көрсететін әлеуметтік қызметтердің түрлері ескеріледі:
     1) мүгедекпен бірге оның тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда – жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру;

     2) еститін және естімейтін адамдардың арасындағы делдалдық қызметті көрсетумен байланысты жұмысты орындау – мүгедектің конференцияларға, пікірталастарға және басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысуы уақытында, мүгедектің оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, мемлекеттік органдар мен консультациялық ұйымдарда ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін еститін адамдармен араласуы кезінде ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма жасау.

     11. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсететін үкіметтік емес ұйым арасындағы қатынастар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресімделеді.
     12. Жеке көмекші мен ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен ұсынылатын қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.

     13. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттық жалақысы мөлшері есебімен, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүргізеді.
     14. Ымдау тілі маманының бір сағаттық әлеуметтік қызметіне ақы төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген ең төмен айлық жалақының он бес пайызы мөлшері есебімен, бірақ бір мүгедекке жылына отыз сағаттан асырылмай жүзеге асырылады.
     Ымдау тілі маманының жылына отыз сағаттан артық әлеуметтік қызметтер көрсетуіне кеткен уақытын мүгедек өз қаражаты есебінен төлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Оңалтудың жеке бағдарламасына

сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші
 топтағы мүгедектер үшін жеке
 көмекшінің және естуі бойынша

 мүгедектер үшін жылына отыз
 сағат ымдау тілі маманының
 әлеуметтік қызметтерін ұсыну
 қағидаларына 1-қосымша

 

Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер

 

     1. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:
     1) толық соқырлық;
     2) түзетумен екі көзінің де 0,03 дейін көру жітілігі;
     3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық-мишықтың бұзылуы;
     4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
     5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
     6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
     7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

   8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қан айналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (IIIкезеңдегі қан айналым жеткіліксіздігі, IVфункционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және IIIкезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған IIIдәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);

     9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІVдәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
     10) буын функцияларының ІІІ-ІVдәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
     11) қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
     12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
     13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
     14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;

     15) жүріп-тұрудың IIIдәрежеде бұзылуымен қоса аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

     16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IVдәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
     17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІVдәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.

     2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:

     1) керең-мылқаулық;
     2) есту протезін қолдануға жарамсыз толық кереңдік;
     3) есту протезін қолдануға жарамсыз ІVдәрежедегі құлақ мүкістігі;
     4) қимылдық афазия;
     5) көмекейдің болмауы медициналық көрсетілімдер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Оңалтудың жеке бағдарламасына

сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші
 топтағы мүгедектер үшін жеке

 көмекшінің және естуі бойынша
 мүгедектер үшін жылына отыз

 сағат ымдау тілі маманының
 әлеуметтік қызметтерін ұсыну

 қағидаларына 2-қосымша

  Нысан

 

Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтініш
(қажетінің асты сызылсын)

Тегi________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (болған кезде) _________________________________________
Туған күнi__________________________________________________________
Мүгедектiгi_________________________________________________________
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат № ______, ____ ____ _____ жылы берілді
Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

ұсыну үшін құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын:
1. _______________________________
2. _______________________________
3. _______________________________
4. _______________________________
5. _______________________________
6. _______________________________
7. _______________________________
8. _______________________________

     Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

     20___ ж. «___» _________
_____________________________________________________________________
 (өтінiш берушінiң (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Өтініш берушiұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
   (өтініштiқабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

20___ ж. «___»__________                             _______________
                                                          (қолы)

 

 

  Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 22 қаңтардағы
 № 26 бұйрығына


 2-қосымша

 

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудiұсыну қағидалары

 

1.     Жалпы ережелер

 

     1. Осы Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудiұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектер мен мүгедек балаларға, олардың организмiнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулығын қалпына келтiруге бағытталған медициналық оңалту мақсатында санаторий-курорттық емделудiұсыну тәртiбiн белгілейдi.
     2. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудiжергiлiктiатқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi-жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.
     3. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрi– басқарма) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады.

     4 Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудiжәне есепке алуды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi(бұдан әрi– жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жүргiзедi.
     5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтiнiштердiтiркеу және жолдамаларды беру журналын (бұдан әрі – журнал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргiзедi.

     Журнал нөмiрленеді, тігіледі және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мөрімен расталады.

 

2. Өтініш беру тәртiбi

 

     6. Мүгедектер не олардың жазбаша келiсiмiмен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдерi(бұдан әрі – өтініш беруші) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға өтiнiш (бұдан әрі – өтініш) бередi.

     Өтінішке мынадай құжаттар:

   1) өтiнiш берушінiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
     2) мүгедек балалар үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесiжәне оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
     3) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;
     4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi;
      5) тұрғылықты тұратын жерiбойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
     6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшiрмесі және ОЖБ-дан үзiндi көшiрме;
       7) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш бергенде – оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiқоса беріледi.

     7. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге қажетті құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады. Салыстырылып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтінiш берушiге қайтарылады.
     Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады және оларды iске қосып қалыптастырады.
     8. Барлық қажетті құжаттар болған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушіге санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама жібереді.

 

2.     Санаторий-курорттық емделуге арналған жолдамаларды сатып алу және беру тәртiбi

 

     9. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтiнiш берген, оларға ОЖБ сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер мен мүгедек балалардың тiзiмдерiн қалыптастырады.

     10. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтінiштердiтiркеудiолардың келiп түсу тәртiбiмен жүзеге асырады.
     11. Жұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөліміқалыптастырылғантiзiмдердi күнтізбеліконкүнiшiндебасқармағаұсынады.
      12. Басқармаұсынылғантiзiмдергесәйкесжолдамалардыжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімдеріарасында, олардымақсатыбойыншапайдалануүшінбөледi.

      13. Жолдаманыжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөліміөтініштекөрсетілгенөтінішберушініңқолынабередi.

      14. Жолдамаберуденбастартқанжағдайдажұмыспенқамтужәнеәлеуметтік

бағдарламаларбөліміөтінішқабылданғанкүнненбастанбесжұмыскүніiшiндеөтiнiшберушiгежазбашадәлелдi бастартудыбереді.
      15. Жолдаманыбелгілібiрсебептермен(қайтысболу, сырқаттанужәнежұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімідәлелдi дептанығанбасқада) пайдалануғамүмкiндiкболмағанжағдайда, олжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімінеқайтарылуғажәнекезектiліктәртiбiменбасқаадамғаберiлугетиiс.

     Жолдаманықайтаружурналдабелгiленедi.

      16. Жолдамадәлелдi себептербойыншапайдаланылмағанжағдайда, берiлгенжолдамамүмкiндігіншекелукестесiнесәйкесбасқакезеңнiңжолдамасына, бiрақауыстырылуғажататынжолдамадакөрсетілгенкелубасталғанғадейiнүшкүнненкешiктiрiлмейауыстырылуымүмкiн.

      17. Жолдамаларкүнтiзбелiкжылдабiррет, басқармабелгiлейтінмерзiмгеберіледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мүгедектергежәнемүгедек 
балаларғасанаторий-курорттық
 емделудi ұсынуқағидаларына
 1-қосымша        

  Нысан

   Өтiнiштердi тiркеужәнежолдамалардыберужурналы

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Мүгедектiгi

Үйінің мекенжайы және телефоны

Өтiнiштi қабылдау күні

Өтiнiштi кім берді

1

2

3

4

5

6

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Емдеушi дәрiгерлер ұсынған санаторий

Жолдама берілген санаторийдiң атауы

Жолдама берілген кезең

Өтiнiш берушiнiң не жолдама алған адамның қолы

Жолдаманың қайтарылған күнi және себептерi

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Ескертпе: Журнал өтiнiштердiң келiп түсу шегіне қарай қатаң дәйектiлiкпен толтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

  Мүгедектергежәнемүгедек

балаларғасанаторий-курорттық
 емделудi ұсынуқағидаларына

 2-қосымша

 

Нысан

 

Санаторий-курорттықемделугежолдамаберутуралыөтiнiш

 

Тегi ________________________________________________________________
Аты_________________________________________________________________
Әкесiнiңаты(болғанкезде) _________________________________________
Туғанкүнi __________________________________________________________
Мүгедектiгi _________________________________________________________
Үйініңмекенжайы____________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________

Мағансанаторий-курорттықемделугебiржолдамаберудi сұраймын.
Мынадайқұжаттардыңкөшiрмелерiнқосаберiпотырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________

     Санаторий-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20___ ж. «___» _________
_____________________________________________________________________
                 (өтінiш берушінiң не өтінiш берген адамның қолы)

     Өтініш берушiұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
   (өтініштiқабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

20___ ж. «___»__________                                     _______________
                                                                                            (қолы)

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің

 2015 жылғы 22 қаңтардағы
 № 26 бұйрығына

 

 3-қосымша        

 

Мүгедектердiпротездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi(орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары

 

1.     Жалпы ережелер

 

     1. Осы Мүгедектердiпротездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi(орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердiәлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегiҚазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
     1) мiндеттiгигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар;
     2) протездiк-ортопедиялық көмек – мүгедектердiпротездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегiмедициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрiжәне оларды пайдалануды үйрету;
     3) протездiк-ортопедиялық құралдар – қол мен аяқты немесе дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
     4) сурдотехникалық құралдар – есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудiкүшейтетін құралдар;

     5) техникалық көмекшi(орнын толтырушы) құралдар – тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметiбекiтетін протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттiгигиеналық құралдар;
     6) тифлотехникалық құралдар – мүгедектердiң көру кемiстiгiнәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.
     3. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, мiндетті гигиеналық құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс берушінің қаражаты есебiнен қамтамасыз етіледi.

     4. Жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметiтоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке протездiк-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, мiндеттiгигиеналық құралдар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.

 

2.     Протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету

 

     5. Мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледi.
     6. Протездiк-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектердiпротездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегiмедициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.
     Көрсетiлген протездiк-ортопедиялық көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

     7. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты жерiбойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш (бұдан әрі – өтініш) бередi.
     Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрi– басқарма) өтінiштердiң және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрi– аумақтық орган) әзiрлеген ОЖБ негiзiнде протездiк-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті, олардың тiзбесiмен санын көрсете отырып айқындайды.

     8. Протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен:

     1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға;

     2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қызметтiк міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
     3) iшкiiстер органдарының, ұлттық қауіпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;

     4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
     5) бала жасынан мүгедектерге;
     6) мүгедек балаларға жүргiзіледi.

 

3.     Протездермен қамтамасыз ету

 

     9. Мүгедектер шино-былғары, құрастырмалы протездермен, қазiргiзаманғы технологиялар бойынша жасалған протездермен, олардың керек-жарақтарымен, тұқылдарға кигiзетiн тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, тiзе таңғыштарымен, салынатын кебiстермен, тiреуiш-протездермен, былғары орындықтармен, былғары шалбарлармен, ползункилермен, ползункилердiң қолғаптарымен, биялайлармен, жіңішке таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен қамтамасыз етіледi.

     10. Қолдың және аяқтың негiзгiпротезiберiлгенге дейiн мүгедектер медициналық көрсетілімдері бойынша кию мерзiмi6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерiмен қамтамасыз етіледi.

     Мүгедектер құрылғылы жұмыс протездерiмен, өздерiнiң қалауы бойынша бұйымның негiзгiтүрiмен бiр мезгiлде қамтамасыз етіледi.
     11. Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейiн, бiрақ алынған күнінен бастап кемiнде бiр жылдан кейiн ауыстырылады.

     12. Қазiргiзаманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерінiң құрамындағы құрастырушы түйiндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күнiнен бастап кемiнде үш жылдан, мүгедек балалар үшiн - кемiнде екiжылдан кейiн;

     синтетикалық шайырлар негiзiнде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды ауыстыру - бiр жылға дейiн;
     кеуде безiпротездерiн, жетек арбаларды ауыстыру - олар алынған күнiнен бастап екiжылдан кейiн, таяқшалар мен балдақтарды кемiнде бiр жылдан кейін жүргiзіледi.
     13. Аяқ немесе қолдың екiпротезiн (негiзгі және қосалқы немесе негiзгiжәне жұмыс протезi) бiр мезгілде алған мүгедектерге оларды ауыстыру кемiнде екiкепiлдiктiмерзiм өткеннен кейiн жүргiзіледi.

     14. Аяқ протездерiн беру кезiнде жыл сайын әрбiр протезге 3-тен тұқыл тысы беріледi. Кеуде безiпротездерiекiiшкиiм (бюстгалтер) жиынтығымен бiрге беріледi.
     15. Егер кию мерзiмiөткеннен кейiн протез жарамды жай-күйде болса және мүгедек келесiкию мерзiмiөткенге дейін жаңа протезге тапсырыс бергісiкелмесе, оған осы кезеңге бiр протездiпайдалану есебiнен белгіленген санда тыстар беріледi.

16. Протездердi, оның iшiнде жаңа үлгiлерiн мерзiмiнен бұрын ауыстыру, сондай ақ оларды кию мерзiмiн ұзарту, жөндеу туралы шешімдiкомиссия қабылдайды және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалатын, протездiк-ортопедиялық көмек көрсету жөнiндегiқызметтердiөнім беруші (бұдан әрi– өнім беруші) жасайтын тиiстiактінің негiзiнде ғана жүргiзіледі. Комиссия өнім берушiнің кінәсiнен бұйымның сапасыз жасалу фактісiн анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

4.     Ортопедиялық аяқ киiммен қамтамасыз ету

 

     17. Мүгедектер ортопедиялық аяқ киімнiң мынадай түрлерiмен: күрделi, шамалы күрделi, протездерге және ортопедиялық аппараттарға арналған аяқ киiммен қамтамасыз етіледi.

     Күрделiортопедиялық аяқ киiм аяқ 3 см және одан да жоғары қысқартылғанда, паралитикалық, варустық, эквиноварустық, вальгустық, жазық вальгустық және қуыс табандық, маймақ аяқтық, шораяқтық, табанның Шопар, Гритти, Лисфранк және Пирогов әдiсiбойынша кесiлген тұқылы кезiнде жасалады.
     Шамалы күрделiортопедиялық аяқ киiм аяқ 3 см-ге дейiн қысқартылғанда, табан сүйектерiнің басы үлкейгенде, ұзына бойы және көлденең жалпақ табандық, башайлар шүрiппе және балға тәрiздес болғанда, өкше сүйегіне темiр орнатылғанда және табанның өзге де паталогиясы кезiнде жасалады.
  18. Күрделiортопедиялық аяқ киiм (етіктен басқа):

     1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға екі пар (жазғы немесе қысқы) тапсырыс берiлген сәттен бастап есептегенде, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен;

     2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген бiрiншiжәне екiншiтоптағы мүгедектерге жылына бiр пар мөлшерiнде (жазғы немесе қысқы);

     3) мүгедек балаларға – жылына екі пар (жазғы және қысқы) беріледi.
     19. Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне және жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша оларға теңестірiлген адамдарға екiқолы бiрдей кесiлгенде не екiқолының функциялары күрт төмендегенде, не омыртқа жотасы зақымданғанда, сондай-ақ жамбас-сан буындарындағы анкилоздар кезінде бүйiрлік резеңкелерiбар аяқ киiм беріледi.

     20. Жалпы аурудан және бала жасынан болған үшiншiтоптағы мүгедектерге күрделiортопедиялық аяқ киiм (жазғы немесе қысқы) 50 пайыздық құн жеңілдiгімен беріледi.

     21. Ортопедиялық аяқ киiм дайындау технологиясында көзделгендерден тыс қызметтер мен жұмыстарға (өрнектiтiгiс, микросаңылаулы ұлтан, сыздықты әрлеу, үлбiрлiжылылық не басқа да жақсартылған әрлеу), дайындау жеделдігіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарды және мүгедек балаларды қоспағанда, тапсырыс берушілер ақы төлейдi.

 

5.     Протездерге арналған аяқ киiммен қамтамасыз ету

 

     22. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға тапсырыс берілген сәттен бастан есептегенде, бiр жыл кию мерзiмiмен протездерге арналған бiр пар аяқ киiм беріледi.
     Мүгедек балаларға – тапсырыс берiлген сәттен бастап бiр жыл кию мерзiмiмен екiпар (жазғы және қысқы мауыты) аяқ киiм беріледi.
     23. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген бiрiншiжәне екiншiтоптағы мүгедектерге протездерге арналған аяқ киiмнің бiр пары құнының 50 пайыздық жеңiлдiгiмен беріледi.
     Үшіншiтоптағы мүгедектерге мұндай аяқ киiм олардың өз қаражаты есебiнен қолданымдағы бағалар бойынша дайындалады.
     24. Протездерге арналған аяқ киім былғары алмастырғыштар пайдаланыла отырып, жылы астарсыз дайындалады.

     25. Жеңiлдiкпен не тегiн протездеуге құқығы бар мүгедектер бiр аяғы кесiлген және жұмыс протезiн ғана пайдаланған кезде, белгiленген тәртiппен сау аяғына екiсыңар аяқ киiммен қамтамасыз етіледi.
     26. Мүгедектерге ортопедиялық немесе протездiк бәтеңкелердiң орнына, олардың қалауы бойынша, өз қаражаты есебiнен етiктер дайындалуы мүмкiн.
     Бұл жағдайда тапсырыс берушілерге бәтеңке жасауға көзделген сомада етiктің құнына жеңiлдiк беріледi.

 

6. Емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдарымен қамтамасыз ету

 

     27. Пайдалану мерзiмiбiр жыл емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдармен:
     1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдары;
   2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлер;
     3) ішкі iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдары;

     4) мүгедек балалар қамтамасыз етіледi.

     28. Жалпы аурудан және бала жасынан болған бiрiншiжәне екiншiтоптағы мүгедектер, егер олар бұл азаматтарды мүгедектiкке әкеп соқтырған ауруды не жарақатты емдеуге арналса, емдеу-алдын алу протездiк-ортопедиялық құралдармен, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен 50 пайыздық жеңiлдікпен қамтамасыз етіледi.

 

6.     Протездiк-ортопедиялық құралдарды есепке алудың, оларға тапсырыстарды ресiмдеудiң және оларды берудiң тәртiбi

 

     29. Басқарма протездiк-ортопедиялық көмектiқажет ететiн және осы көмектiмемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алған мүгедектердiң есебiн жүргiзедi. Уәкілеттiорган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бiрлесiп, мүгедектердiпротездiк-ортопедиялық көмек алу үшiн жiберу жөнiндегiжұмысты ұйымдастырады.
     Мүгедектердiқайта протездеуге жiберу не протездiк-ортопедиялық аяқ киiммен қамтамасыз ету протездердiжәне басқа да протездiк-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерінде жүргізіледi.
     30. Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектерден тапсырыс қабылдауды өнім беруші жүзеге асырады.
     Тапсырыстың сипаты мен түрiне қарай өнім беруші мүгедектiстационарлық протездеу үшін шақырып алудың қажеттігiне тапсырысты оның қатысуынсыз орындау туралы шешiм қабылдайды. Шақыру алдын ала жiберiледi.
     31. Жол жүруге жарамайтын мүгедектерден тапсырыс қабылдау, қажет болған жағдайда, ақылы шақыру негiзiнде үйде жүзеге асырылады.

     32. Протездеуге келгендер өнім берушiге:
     1) басқарманың жолдамасын;
     2) емдеуші дәрiгердiң жолдама-ұйғарымын, бастапқы протездеу кезiндегiауру тарихынан көшірме үзiндіні;
     3) рентген суреттерiн;
     4) мүгедектігі туралы анықтаманы;
     5) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
     6) тұрғылықты тұратын жерiбойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
     7) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесін – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда ұсынады.

     33. Өнім беруші барлық протездiк-ортопедиялық құралдарға протездеу картасын ашады. Толтырылған протездеу қартасы мен тапсырыс бланкiсiпротездік-ортопедиялық құралдарды дайындаудың және оларды тапсырыс берушілерге ұсыну тәртiбiн регламенттейтін есеп құжаттары болып табылады. Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкiсi– 5 жыл сақталады.
     34. Протездеу картасында протездiк-ортопедиялық құралдың, протездiк-ортопедиялық аяқ киiмнiң алдыңғы берiлген және жөнделген уақыты, сондай-ақ мүгедектiң мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен протезделу құқығы көрсетіледi.
     35. Тапсырыс бланкiсiне протездiк-ортопедиялық бұйымның құны туралы деректер, тұлғаның мәртебесiн растайтын куәлiктiң нөмiрi, оны кiм және қашан бергенiенгiзіледi.

     36. Өлшемей дайындау мүмкiн болмайтын күрделiпротездiк-ортопедиялық құралдарға тапсырыстарды қабылдауды, әдетте өнім берушiжүргізедi.
     Күрделiпротездiк-ортопедиялық құралдарға: корсеттер, аппараттар, туторлар, обтураторлар, жамбасты сылығандағы, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекiтiлетiн протездер мен күрделiортопедиялық аяқ киiмдiқоса алғанда, басқа да протездiк-ортопедиялық құралдар жатады.

     37. Мiндетті түрде өлшеп көрудiталап ететiн дайын протездiк-ортопедиялық құрал тапсырыс берушінің жеке өзiне беріледi. Өлшеп көру талап етілмейтiн жағдайларда, алуға сенімхаты болса, бұйымды басқа адамға беруге жол беріледiне ол тапсырыс берушінің тұратын жерiне мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жiберіледi.

     38. Өнім беруші ай сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен дайындалған протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқ киімнің есебiн жүргiзедiжәне белгіленген нысан бойынша олардың тiзілiмiн, сондай-ақ ақы төлеу үшін басқармаға ұсынылатын орындалған қызметтердiқабылдап алу-беру актiсiн (еркін нысанда) жасайды.

 

7.     Протездiк-ортопедиялық құралдарды дайындау мерзiмiмен оларды жөндеудiң тәртiбi

 

     39. Протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқ киiм кезектілік тәртiбiмен, өндiрiске тапсырыс берiлген күннен бастап 30 күнтізбелiк күннен асырылмай дайындалады.

     40. Ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар (обтураторлар, бандаждар, қолды ұстағыштар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың емдеу бұйымдары) осы тәртіппен 7 жұмыс күнiшегiнде дайындалады.

     41. Протездiк-ортопедиялық құралды ақырғы рет өлшеу кезiнде тапсырыс берушілерге оны алуға келетiн күнiхабарланады.
     42. Тапсырыс берушінің өлшеп көруге келуiн күту кезiнде бұйымның жатып қалған уақыты протездiк-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзiмiне енгiзiлмейдi.
     43. Жасалу мерзiмiне:
     1) екiншiөлшеп көру белгiленген кезде – 5 жұмыс күнi;
     2) арнайы шала өнiм дайындау кезінде – 10 жұмыс күнiне дейін;
      3) аяғының не қолының екеуiде кесілген немесе екеуiде зақымданған кездегі протездік-ортопедиялық құралдарға көшірме нұсқаларды дайындау уақытын қоса алғанда – 10 жұмыс күнiқосылады.
     Дайындаудың жалпы мерзімі 45 жұмыс күнiнен аспайды.
     44. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық аяқ киiмдiжөндеу олардың өз қаражаты есебiнен кезектілік тәртiбiмен жүргiзіледi.

 

8.     Протездеуге барумен байланысты шығыстарды төлеу тәртiбi

 

     45. Стационарлық протездеудiқажет ететiн мүгедектер өнім берушiнiң медициналық стационарына жатқызылады. Медициналық стационарға бару мен керiқарай жол жүрудiқоса алғанда, госпитальда жатудың барлық кезеңiне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 59-бабының 2-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледi.

     46. Протездеуге барумен (тапсырыс беру, өлшеп көру, протездердiнемесе күрделiортопедиялық аяқ киiмдiалу үшiн) және протездеу уақытындағы оларды баптап күтумен байланысты шығыстарды өнім беруші мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.

     47. Жол жүру темiр жолда – қатты плацкарт вагоны тарифiбойынша, су жолдарында - екiншiкласс тарифiбойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушіге дейiн және керiқарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi.


     48. Протездеуге жол жүру ақысын төлеу жылына екiреттен аспайтын сапарға (тұрғылықты жерiнен протездеу пунктiне дейiн және керiқарай жүру бiр сапарға есептеле отырып) жүргізіледi.

     Бандажбен қамтамасыз етілу құқығы бар адамдарға жол шығыстары бiр сапарға ғана төленедi.

     49. Протездеуге баратын және ертіп жүрудiқажет ететiн бiрiншiтоптағы мүгедектер мен мүгедек балаларға протездеуге бару сапары кезiнде ертiп жүрушінің жолақы шығындары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына, ертіп жүрушінің тiкелей өзiне төлқұжатын көрсеткенде төленедi.
     50. Мүгедектерге бастапқы протездеу кезiнде және мүгедек балаларға тұқылдың қалыптасуына қарай протездердің ауыстырылуына байланысты жол ақысын төлеу жылына екiрет жүргiзіледi.

 

9.     Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету

 

     51. Мүгедектердiсурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

     52. Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштердің, ОЖБ негiзiнде қамтамасыз етіледi.

     53. Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен:
     1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерiмен қатысушылары;
     2) жеңiлдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар;
     3) мүгедек балалар;
     4) бiрiншi, екiншi, үшiншiтоптағы мүгедектер қамтамасыз етіледi.

     54. Осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетiлген адамдарға бiр есiту аппараты, ал есiту қабілетiн екiжақты симметриялық жоғалту кезiнде аумақтық органның қорытындысы бойынша – осы Қағидалардың 55-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынған кезде екiесiту аппараты беріледi.
     55. Осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетiлген адамдар сурдотехникалық құралдарды алу үшiн мынадай құжаттарды:

     1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары – жеке басты куәландыратын құжатты, Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлiгiн және медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысын;
         2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi– жеке басты куәландыратын құжатты, Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлiгiн және ОЖБ-дан үзінді көшірмені;
     3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар – жеке басты куәландыратын құжатты, жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсiбар зейнеткерлiк куәлiгiмен ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

     4) мүгедек балалар – жеке басты куәландыратын құжатты, ата-анасының бiреуiнiң (қамқоршыларының, қорғаншыларының) жеке басын куәландыратын құжатты, ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

     5) бiрiншi, екiншi, үшiншiтоптағы мүгедектер – жеке басты куәландыратын құжатты, зейнеткерлiк куәлiгiн, ОЖБ-дан үзінді көшірмені ұсынады.
     Жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі ұсынылады.

 

10.     Есту протезiнiң ерекшелiктерi

 

     56. Есту протезiдәрiгер-сурдологтар, оториноларингологтар ауруларды жалпы лортексеру және аудиометриялық тексеру кезiнде белгілеген, әр құлағының есiтуiн орташа жоғалтуы 20 дБ-дан асатын адамдарға қолданылады.
     57. Мүгедектерге берілетiн есту аппараттары медициналық көрсетілімдерге және олардың орналасуына қарай құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгіш болуы мүмкiн.
     Мүгедектердiесiту аппараттарымен, жиынтықты бұйымдармен, қосалқы бөлшектермен, олардың қоректендiру көздерiмен қамтамасыз етудi, сурдологиялық тексерудi, естудiпротездеу көмегiн, есту аппараттарын ірiктеудi, олардың техникалық сипаттамаларға сәйкестiгiне қорытынды берудi, сервистiк қызмет көрсетудi, жөндеудiтиiсті материалдық-техникалық базасы мен мамандары бар, қазiргiзаманғы есту аппараттарын iрiктеу және беру арқылы медициналық-әлеуметтiк оңалту мақсатымен есiту протез көмегiн көрсетуге, естудiң жай-күйiн қадағалауға, есту аппараттарына техникалық қызмет көрсетуге маманданған ұйым (бұдан әрi– ұйым) жүргiзедi.
     58. Есту қабілетiн екiжақты симметриялық жоғалтқан кезде күшейтуiбойынша бiрдей екiжақты есту аппараттарын тағайындау жолымен екiжақты (бинауральдық) есiту протезiұсынылады.

     59. Есту функциясы ассиметриялық түрде бұзылған кезде моноуральдық есту протезiтағайындалады.

     60. Естудiң сүйек-тiндік өткiзгіштігі бойынша төмендеуi20 дБ-дан аспаған, ал ауа арқылы өткiзгіштігі бойынша айқын бiлiнетiн сүйек-ауа интервалы кезiнде есiтудiжоғалту 50 дБ-дан астам болған жағдайда, сүйек арқылы дыбыс өткiзгіштігі бар жеке есту аппараты тағайындалады.
     61. Есту протезiесту кемiстiгiн электроакустикалық түзету балалардың, ересек адамдардың ерекшелiктерiескеріле отырып, оларды есту аппаратына бейiмделуге мiндетті түрде үйрете отырып, сондай-ақ оны қолдану және ұзақ пайдалануға дағды алдыра отырып жүргiзіледі.

     62. Әлеуметтік оңалту шеңберінде есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен күндізгі және (немесе) тәулік бойғы байқау жағдайларында жүргізіледі.
     63. Кейіннен есту-сөйлеуге бейімдеуге баратын кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға және ертiп жүрушіге жолақы шығыстары жылына бiр рет барып-келу бағыттарына төленедi. Жол жүру темiр жолда – қатты плацкарт вагоны тарифiбойынша, су жолдарында – екiншiкласс тарифiбойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша төленеді. Жүрдек поезбен жол жүру кезiнде жылдамдығы үшін ақы төленедi. Өнім берушiге дейiн және керiқарай жол жүру құны ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, кемежай кассасы берген анықтаманың негiзiнде төленедi.

 

11.     Сурдотехникалық құралдарға қажеттіліктiқалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргiзу

 

     64. Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж адамдар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiне өтiнiш бередi.
     Басқарма өтiнiштердiң және ОЖБ негiзiнде, сурдотехникалық құралдарға қажеттілiкті олардың тiзбесiмен санын көрсете отырып айқындайды.
     65. Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сурдотехникалық құралдарды сатып алуды жүргізу үшін комиссия құрады.

     66. Тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес сурдотехникалық құралдарды басқармаға жеткiзуді өнім беруші жүзеге асырады.
     67. Өнім берушіден сурдотехникалық құралдарды қабылдап алуды басқарма жүзеге асырады.

     Сурдотехникалық құралдарды өнім берушіден қабылдап алу актiсiекiданада (еркін нысанда) жасалады:
     1) бiрiншiданасы басқармада қалады;
     2) екiншiданасы өнім берушіге берiледi.
     Актiлердің барлық даналарына басқарманың және өнім берушiнiң өкілдері қол қояды.

     68. Қабылдап алу процесiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз сурдотехникалық құралдар өнім берушіден қабылданбайды және олар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.
     69. Басқарма мүгедектерге есту протезiкөмегiн көрсету үшiн есту аппараттарын ұйымдарға бередi.

     Басқармадан есiту аппараттарын қабылдап алу актiлерiекiданада жасалады:
     1) бiрiншiданасы басқармада қалады;
     2) екiншiданасы ұйымға берiледi.
     Есту аппараттарын қабылдап алу актiлерінiң барлық даналарына басқарманың және ұйымның өкілдерiқол қояды.

 

12.     Сурдотехникалық құралдарды iрiктеу және беру

 

     70. Мүгедектерге есту аппараттарын, есту аппараттарына жинақтаушы бұйымдарды, есiту аппараттарының қоректендiру көздерiн iрiктеудi, дәлдеудi, берудiұйым жүргізедi.

     Есту аппараттарын беру есiту аппаратының нөмiрi, берiлген күні көрсетiле отырып және алушының қолы қойылып пациенттiң жеке медициналық-әлеуметтік картасында тiркеледi.

     71. Есту аппараттары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кемiнде 3 жылдан кейiн және мүгедектердiң қалған санаттарына 4 жылдан кейiн ауыстырылады.

     Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.
        72. Ауыстырған кезде бұрын берiлген есiту аппараты ұйымға мiндеттiтүрде қайтарылуға тиiс.

     73. Ұйым есту аппаратын мерзiмiнен бұрын берудi:

     1) есiту қабілеті нашарлаған және есiту қабілетiн есiту аппаратының басқа түрiмен түзеу қажеттілігі кезiнде;
     2) ол ұрланған немесе өзге де объективтiсебептер бойынша жоғалған жағдайларда уәкілетті органдардың тиiсті құжаттары негізiнде жүргiзедi.

     74. Ұйым Ұлы Отан соғысының мүгедектерiмен қатысушыларына 3 жылда бiр рет, бiрiншi, екiншi, үшінші топтағы мүгедектерге 4 жылда бiр рет мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен есiту аппараттарын жөндеудiжүргiзедi, дыбыс өткiзгiш сымдарды, батарейкаларды немесе стандарттық зауыт жинаған аккумуляторларды, медициналық-әлеуметтiк картада берiлген күнін мiндетті түрде белгілеп және алған адамның қолын қойғызып бередi.
     75. Басқарма өнім берушілерден алған басқа да сурдотехникалық құралдар жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімдерiне алынған сурдотехникалық құралдардың атауы мен саны көрсетіле отырып, актiбойынша (еркін нысанда) беріледi.

     76. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiбасқа да сурдотехникалық құралдарды берудiтiзiм бойынша мүгедектiң тегiн, атын, әкесінің атын (болған кезде), зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған сурдотехникалық құралдың атауын, алған күнін, алу туралы белгісiн көрсете отырып жүргiзедi.

 

13.     Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегі есептілік

 

     77. Ұйымдар мүгедектерге есту аппараттарын берудiбелгiленген нысандағы тiзiмдеме бойынша жүзеге асырады. Ведомосте берiлген күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған жылы, әлеуметтік мәртебесi, тұрғылықты мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың, зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрi, есту аппаратының маркасы мен нөмiрi, сондай-ақ есту аппаратын алғанына қойған қолы көрсетіледі.

     78. Ұйым ай сайын есту аппараттарының берілу есебiтізiмдемесiнің бiр данасын басқармаға екiданадағы орындалған жұмыстардың тапсыру-қабылдап алу актісiн (еркін нысанда) жасай отырып бередi.

     79. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерiсурдотехникалық құралдарды бергеннен кейiн бiр айдың iшiнде басқармаға мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнетақы куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты мекенжайын, алған сурдотехникалық құралдың атауын, берiлген күнiн, сондай-ақ алғандығына қойған қолын көрсете отырып сурдотехникалық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.

 

14.     Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларды сөйлеу процессорларымен қамтамасыз ету

 

     80. Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет сөйлеу процессорын сатып алудан, ауыстырудан және дәлдеп келтіруден (бұдан әрі – сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет) тұрады.

     81. Сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.

     82. Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорын ауыстыру сөйлеу процессорын орнатқан (ауыстырған) күнінен бастап кемiнде бес жылдан кейін жүзеге асырылады.

     83. Кохлеарлық импланты бар балаларда сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттігін, сондай-ақ кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларының түрін (моделін) сурдологиялық кабинеттерде/орталықтарда кохлеарлық имплантацияға іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) белгілейді, оның құрамы мен жұмыс тәртібін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бұйрығымен бекітіледі.
     Сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) сөйлеу процессорларының түрі (моделі) көрсетіле отырып, тексерілген адамның (немесе оның заңды өкілінің) қолына беріледі.
     84. Сөйлеу процессорын ауыстыру бойынша қызмет көрсетуге мұқтаж кохлеарлық импланты бар мүгедек балалар (олардың заңды өкілдері) мынадай құжаттарды:

     1) мүгедек балалардың жеке басын куәландыратын құжатты;
     2) ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;
     3) жеке сәйкестендіру нөмірін – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;
     4) ОЖБ әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмені;
     5) комиссияның қорытындысын;
     6) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) қоса бере отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет көрсетуге өтініш береді.
     Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
     85. Қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда:
     егер сөйлеу процессорының осы Қағидалардың 82-тармағында белгіленген ауыстыру мерзімі өтпесе;
     осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда бас тартылады.

     86. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініштерді тіркеу журналын (бұдан әрі – журнал) жүргізеді және баланың тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ОЖБ әзірленген күні мен нөмірін, комиссия қорытындысының берілген күні мен нөмірін, комиссия қорытындысында көрсетілген медициналық ұйымдағы кохлеарлық имплантацияға операция жасалған орынды, сөйлеу процессорының түрін (моделін) көрсете отырып, сөйлеу процессорын ауыстыруға және оны дәлдеп келтіруге мұқтаж кохлеарлық импланты бар мүгедек балалардың тізімдерін(бұдан әрі – мүгедек балалардың тізімі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күні қалыптастырады.
     Журнал нөмірленеді, тігіледі және мөрмен расталады.

     Мүгедек балалардың тізімдері облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттеріне (басқармаларына), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттеріне (басқармаларына) (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолданады.

       87. Басқарматізімдердіңнегізінде:

      сөйлеупроцессорларыныңсанынжәнетүрін(моделін) көрсетеотырып, сөйлеупроцессорынауыстырубойыншақызметкеқажеттіліктіайқындайды;
      мемлекеттіксатыпалутуралыҚазақстанРеспубликасының заңнамасынасәйкессөйлеупроцессорынауыстырубойыншақызметтердісатыпалужүргізуүшінкомиссияқұрады;

      сөйлеупроцессорынауыстырубойыншақызметтіалуүшінкохлеарлықимплантыбармүгедекбалаларғажолдамаберужұмысынұйымдастырады.
      88. Сөйлеупроцессорынауыстырубойыншақызметкөрсетудіхалыққасурдологиялықкөмеккөрсетугемаманданған, тиістіматериалдық-техникалықбазасыжәнеаталғансаладабіліктімамандарыбарұйым(бұданәрі– ұйым) жүзегеасырады.

      Ұйымкохлеарлықимплантыбармүгедекбалалардыоларғабұрынқондырылғанкохлеарлықимплантпентүрі, моделіжәнемаркасыүйлесетінсөйлеупроцессорыменқамтамасызетеді.
      89. Сөйлеупроцессорынауыстыруүшінбасқармажібергенкохлеарлықимплантыбармүгедекбалалар(олардыңзаңдыөкілдері) ұйымға:

      1) басқарманыңжолдамасын;
      2) комиссияқорытындысыныңкөшірмесін:
      3) мүгедекбалалардыңжекебасынкуәландыратынқұжаттыңкөшірмесін;
      4) ата-анасының(қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірініңжекебасынкуәландыратынқұжаттыңкөшірмесінұсынады.

      90. ҰйымжолдаманыңнегізіндеосыҚағидаларға 4-қосымшағасәйкесесепжүргізедіжәнесөйлеупроцессорынсатыпалу, ауыстыружәнеоныдәлдепкелтірубойыншакөрсетілгенқызметтердіңведомосін, сондай-ақтөлеуүшінуәкілеттіорганғаұсынылатынорындалғанқызметтердіңқабылдапалу-тапсыруактісін(еркіннысанда) жасайды.

 

 

 

 

15.     Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету

 

     91. Бiрiншiжәне екінші топтағы мүгедектердi, мүгедек балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

     92. Бiрiншiжәне екiншiтоптағы мүгедектер, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштердің, ОЖБ негiзiнде қамтамасыз етіледi.

 

16.     Тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктiқалыптастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

 

     93. Тифлотехникалық құралдарды қажет ететiн бiрiншiжәне екiншiтоптағы мүгедектер, мүгедек балалар тұрғылықты тұратын жерiндегiжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiне өтініш бередi.
     Басқарма өтiнiштердiң, ОЖБ негізiнде, олардың тiзбесiмен санын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдарға қажеттiлiктiайқындайды.
     94. Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тифлотехникалық құралдарды сатып алуды жүргізу үшін комиссия құрады.

     95. Тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес тифлотехникалық құралдарды уәкілетті органға жеткiзуді өнім беруші жүзеге асырады.
     96. Өнім берушiден тифлотехникалық құралдарды қабылдап алуды басқарма жүзеге асырады.

     Тифлотехникалық құралдарды өнім берушiден қабылдау актісiекiданада (еркін нысанда) жасалады:

     1) бiрiншiданасы уәкілетті органда қалады;
     2) екiншiданасы өнім берушіге беріледi.
     Актілердiң барлық даналарына басқарманың және өнім берушінің өкілдерiқол қояды.

     97. Қабылдап алу кезiнде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз тифлотехникалық құралдар өнім берушіден қабылданбайды және олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес ауыстырылуға жатады.

 

17.     Тифлотехникалық құралдарды беру және есептілiк

 

     98. Басқарма өнім берушіден алған тифлотехникалық құралдар, алынған тифлотехникалық құралдардың атауы мен олардың саны көрсетiле отырып, актiбойынша (еркін нысанда), жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне беріледi.

     99. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмүгедектің тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнеткерлік куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, алынған күнiн, алғандығы белгісiн көрсете отырып тифлотехникалық құралдарды тiзiм бойынша берудiжүргiзедi.

     100. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.

     Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель – 2 жылдан кейін ауыстырылады.
     101. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiтифлотехникалық құралдар берiлгеннен кейiнгі бiр ай iшiнде, мүгедектiң тегiн, атын және әкесінің атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмірiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған тифлотехникалық құралдың атауын, берілген күнiн, алғандығын растап қойған қолын көрсете отырып, тифлотехникалық құралдар алған мүгедектердiң тiзiмдерiн уәкілетті органға ұсынады.

 

18.     Мiндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

 

     102. Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттілiктерiн қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, жөргектермен ұғынылады.
      103. Мүгедектердiміндеттiгигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      104. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету өтініштердің және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдерге сай әзірленген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.
      105. Тері қабаты тұтастығының ауқымды бұзылуы, сондай-ақ бұтаралық аумақта тері ауруларының болуы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілім болып табылады.

     106. Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:

     1) ОЖБ-дан үзінді көшірмені;
     2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;
     3) мүгедек балалар – жеке басын куәландыратын құжатты, ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;
     4) жеке сәйкестендіру нөмірін – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;
     5) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса беріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш жасайды.
     Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

     107. Өзі барып өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде өтінішпен жүгінуді басқа адамдарға (бұдан әрі – өтініш беруші) тапсырады.
     108. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге міндетті гигиеналық құралдар ұсынуға құжаттар ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

     Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері хабарлама берілгеннен кейін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы тізімдерді жасайды және міндетті гигиеналық құралдарға қажеттілікті қалыптастырады.
     109. Қалыптастырылған қажеттілік негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері міндетті гигиеналық құралдарды сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.

 

19.     Мiндетті гигиеналық құралдарды беру және есептілік

 

     110. Өнім беруші мiндеттiгигиеналық құралдарды, атауы мен олардың санын көрсете отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне актiбойынша бередi.

     Өнім берушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдауды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады.
     Өнім берушіден міндетті гигиеналық құралдарды қабылдау актілері екі данада (еркін нысанда) жасалады:

1)      бірінші данасы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қалады;

2)       екінші данасы өнім берушіге беріледі.
     Актілердің барлық даналарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және өнім берушінің өкілдері қол қояды.
     111. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiміндеттiгигиеналық құралдарды берудiмүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.
     112. Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі.
     113. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердiқанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға мынадай мөлшерде берiледi:
     1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен – 730 дана;
     2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар – 365 дана;
      3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар – 365 дана.

     114. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімдерiмiндетті гигиеналық құралдар берiлгеннен кейiн бiр айдың iшiнде мүгедектiң тегін, атын, әкесiнің атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған мiндетті гигиеналық құралдың атауын, берiлген күнiн, алғандығына адамның қойған қолын көрсете отырып, гигиеналық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн басқармаға ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүгедектердiпротездік-ортопедиялық

 көмекпен және техникалық көмекшi

 (орнын толтырушы) құралдармен

 қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша

 

Нысан

Өтініш

 

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде) _________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
Мүгедектігі _________________________________________________________
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат № ______, ____ ____ _____ жылы берілді
Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

(салмағы ___ кг., бойы ___ см., жамбасының көлемі ___ см. жазылсын)*
(протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құрал, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар (қажеті сызылсын)) ұсыну үшін құжаттарды қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын:
1. _________________________________
2. _________________________________
3. _________________________________
4. _________________________________
5. _________________________________
6. _________________________________
Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құрал, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар (қажеті сызылсын) ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20___ ж. «___» _________
_____________________________________________________________________
   (өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Өтініш беруші ұсынған құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
   (өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

20___ ж. «___»__________                             _______________
                                                          (қолы)

     Ескертпе: жөргектермен қамтамасыз еткен кезде толтырылады.

 

 

 

 

Мүгедектердiпротездік-ортопедиялық

 көмекпен және техникалық көмекшi

 (орнын толтырушы) құралдармен

 қамтамасыз ету қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

   Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорларын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет көрсетуге өтініш

Тегі ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде) _________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
Мүгедектігі _________________________________________________________
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________

Маған сөйлеу процессорын кохлеарлық имплантқа ауыстыруды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
Сөйлеу процессорын кохлеарлық имплантқа ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20___ ж. «___» _________
_____________________________________________________________________
  (өтінiш берушінiң (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Өтініш берушiұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
    (өтініштiқабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

20___ ж. «___»__________                             _______________
                                                           (қолы)

 

 

 

 

 

 

Мүгедектердiпротездік-ортопедиялық

 көмекпен және техникалық көмекшi

 (орнын толтырушы) құралдармен   
 қамтамасыз ету қағидаларына

 3-қосымша

 

Нысан

 

Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорларын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет көрсетуге өтініштерді тіркеу журналы

 

Р/с

КИ бар баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күні

Мүгедектiк (санаты)

Үйінің мекенжайы және телефоны

Өтiнiштi қабылдау күні

КИ операция жасалған және/немесе сөйлеу процессорының алдыңғы ауыстырылған күні

1

2

3

4

5

6

7

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Өтiнiштi кім берді

Сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттігі туралы қорытындының берілген күні және нөмірі

Сөйлеу процессорының қорытындыда көрсетілген түрі (моделі)

ОЖБ әлеуметтік бөлігі

Әзірлеу күні

ОЖБ №

ОЖБ іске асыру мерзімі

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Ескертпе: Журнал өтiнiштердiң келiп түсу шегіне қарай қатаң дәйектiлiкпен толтырылады.

 

 

 

 

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық
 көмекпен және техникалық көмекшi

 (орнын толтырушы) құралдармен

                                                                                                              қамтамасыз ету қағидаларына

                                                                                                                                   4-қосымша            

 

Нысан

 

Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорларын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет көрсету ведомосі

Р/с

Жүгінген күні

КИ бар баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күні

Мүгедектiк (санаты)

Үйінің мекенжайы және телефоны

Сөйлеу процессорын ауыстыруға уәкілетті орган жолдамасының берілген күні және нөмірі. Кім жіберді

1

2

3

4

5

6

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

(кестенің жалғасы)

Сөйлеу процессорын ауыстыру және оны дәлдеп келтіру бойынша қызмет алған күні

Сөйлеу процессорының түрі (моделі)

Сөйлеу процессорының құны

Мүгедектің (заңды өкілінің) қолы

 

 

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық
 көмекпен және техникалық көмекшi

 (орнын толтырушы) құралдармен

 қамтамасыз ету қағидаларына

                                                                                                                                  5-қосымша            

 

 

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдер

 

      1. Мүгедектерді жөргектермен қамтамасыз етуге:


      1) ағзаның аурулар және/немесе жарақаттар салдарынан туындаған несеп пен нәжістің тоқтамауы түрінде жамбас органдары функцияларының бұзылуына ұласқан статикалық-динамикалық бұзылушылықтары;

      2) өзінің мінез-құлқын бақылауының бұзылуынан туындаған психикалық бұзылушылықтар салдарынан несеп пен нәжістің тоқтамауы;

      3) жамбас органдары функцияларының несеп жолдары мен тік ішектің жарақаттануы, жұлынның, несеп шығару жүйесі мен асқазан-ішек трактісінің туа біткен ауытқулары салдарынан несеп пен нәжістің тоқтамауы түріндегі бұзылуы медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      2. Мүгедектерді несеп қабылдағыш пен нәжіс қабылдағышпен қамтамасыз етуге ішек немесе қуық стомасының болуы медициналық көрсетілімдер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 22 қаңтардағы
 № 26 бұйрығына 4-қосымша

  

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары

 

1.     Жалпы ережелер

 

      1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен мүгедектердi қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
      2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады.
      3. Техникалық көмек мүгедектердi бөлмеде жүріп-тұруға және/немесе серуендеуге арналған кресло-арбалармен (бұдан әрі – кресло-арбалар) қамтамасыз етуден тұрады.

      4. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған өтінiштердiң (бұдан әрі – өтініш), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – ОЖБ) негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледi.

      6. Жұмыс берушінiң - жеке кәсіпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.

 

2.     Кресло-арбаларға қажеттiлiктi қалыптастыру және мемлекеттiк сатып алуды жүргізу

3.    

      7. Кресло-арбаларды қажет ететiн мүгедектер не олардың жазбаша келісімімен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдері (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерiне (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) өтiнiш бередi.
      8. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрi – басқарма) өтiнiштердiң, ОЖБ негiзiнде кресло-арбаларға қажеттілiкті, олардың тiзбесi мен санын көрсете отырып айқындайды.
      9. Басқарма мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кресло-арбаларды сатып алуды жүргiзу үшін комиссия құрады.

      10. Тапсырыс беруші мен кресло-арбаларды жеткізіп беруші арасында жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес кресло-арбаларды басқармаға жеткiзуді өнім беруші жүзеге асырады.
      11. Кресло-арбаларды өнім берушіден қабылдап алуды басқарма жүзеге асырады.

      Өнім берушіден кресло-арбаларды қабылдап алу актісі (бұдан әрі – акт) екі данада (еркін нысанда) жасалады:
      1) бiрiншi данасы басқармада қалады;
      2) екіншi данасы өнім берушiге беріледi.
      Актілердiң барлық даналарына басқарма мен өнім берушінің өкiлдерi қол қояды.
      12. Қабылдап алу процесінде анықталған пайдалануға (қолдануға) жарамсыз кресло-арбалар өнім берушілерден қабылданбайды және олар мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес ауыстырылуға тиiс.

 

4.     Кресло-арбаларды беру және есептiлiк

 

      13. Өнім берушiден басқарма алған кресло-арбалар, алынған кресло-арбалардың атауы мен олардың саны көрсетіле отырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерiне акт бойынша беріледi.
      14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi кресло-арбаларды берудi мүгедектiң тегін, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнін, тұратын жерiн, алған кресло-арбаның атауын, алған күнін, алғаны туралы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.

      Кресло-арбаны өтініште көрсетілген өтініш берушіге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі береді.

      15. Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар мүгедектерге жетi жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар – төрт жыл пайдалану мерзiмiне берiледi.
      16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi кресло-арбалар берiлгеннен кейiн бiр ай ішінде басқармаға мүгедектiң тегiн, атын, әкесінің атын (болған кезде), зейнеткерлік куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған кресло-арбаның атауын, берiлген күнiн, алғаны туралы адамның қойған қолын көрсете отырып, кресло-арбаларды алған мүгедектердiң тiзiмiн бередi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру
 құралдарымен қамтамасыз ету

 қағидаларына қосымша

 

  Нысан

 

Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге өтініш

Тегi ________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесiнiң аты (болған кезде) _________________________________________
Туған күнi __________________________________________________________
Мүгедектiгi _________________________________________________________
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат № ___, _____ ______ _____ жылы берілді
Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ____________________________
_____________________________________________________________________
(салмағы ___ кг., бойы ___ см., жамбасының көлемі ____ см. жазылсын)

ұсыну үшін құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Мынадай құжаттардың көшiрмелерiн қоса берiп отырмын:
1. _______________________________
2. _______________________________
3. _______________________________
4. _______________________________
5. _______________________________
6. _______________________________

      Арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20___ ж. «___» _________
_____________________________________________________________________
  (өтінiш берушінiң (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Өтініш берушi ұсынған құжаттар көшiрмелерінiң дұрыстығын растаймын:
_____________________________________________________________________
    (өтініштi қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

20___ ж. «___»__________                               ______________
                                                           (қолы)